Пандемиямен күреске бөлінген қаржыны жымқырған
Пандемиямен күреске бөлінген қаржыны жымқырған
114
оқылды

Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының  шенеуніктері күдікке ілінді. Оларға коронавирусқа қарсы күрес үшін бөлінген қаржыны «жеп қойды» деген айып тағылуы мүмкін. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қазір аталған іс бойынша тергеуді бастады. Агенттік таратқан деректерге қарағанда, ше­неуніктер ақша жымқырудың өзгеше тәсіліне жүгінген. Олар пандемиямен күреске бөлінген қаржыны медициналық құрал-жабдықтарды нарықтағыдан жоғары бағаға сатып алу арқылы қолды еткенге ұқсайды. Әзірге осы схеманың кесірінен бюджетке 8 млн 730 мың теңге зиян келгені айтылды. Тергеу жалғасып жатыр.

А.СҰЛТАН