Кене энцефалиті Ұлыбританияға жетті
Кене энцефалиті Ұлыбританияға жетті
5,087
оқылды

Ұлыбританияның екі ауданында кене энцефалитін тасымалдаушы жәндіктер кездескен. Дегенмен, Британия Public Health England агенттігі адамдардың энцефалитке шалдығу қаупі төмен екенін мәлімдеді,–деп хабарлайды bbc.com.

Биологтар энцефалиттің пайда болуын аралдарда кенелердің көбеюімен байланыстырады және аралда бұғы саны да өскен. Аралдағы кенелер негізінен бұғының қанымен қоректенеді.

Энцефалит Ұлыбританияның екі аймағында – Кембриджден 56 шақырым жерде және Хэмпшир мен Дорсет округтерінің шекарасындаға жәндіктерден табылды.

Жалпы, кене Ұлыбританияда жиі кездесетін жәндіктің бірі, аралдарда оның шамамен 20 түрі бар. Кейбіреулер қауіпті ауруларды, мысалы, Лайма ауруын, алып жүреді. Бірақ, Британ аралдарында кене энцефалиті вирусы тұңғыш рет тіркеліп отыр.

Британ аралдарына бұл кене түрінің қалай келгені әлі белгісіз. Дәрігерлер жәндіктердің құстармен бірге жетуі мүмкін деп топшылайды.