Турнир Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен және «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының қолдауымен өтті.
Бабы келісіп, бағын сынауға келгендердің көпшілігі 60 пен 90 жас аралығында. Спорттың осы түрін серік еткен қариялар бір-біріне дес бермей, ойынның көрігін қыздырды. Бүгінгі жарысқа қатысушы қариялардың басты мақсаты орын алу емес, өскелең ұрпаққа, жастарға үлгі болу.
Жылына бір мәрте болса да осындай додада бір-бірімен қауышып, әңгіме-дүкен құру. «Ардагерлер – біздің алтын қорымыз, мақтанышымыз». Сексеннің сеңгіріне шыққанымен, өз қатарластарының көңілін аулу үшін барын салуда. Талай бәсекелерде бәсі жоғары болатын ардагерлер мұндай игі шаралардан қол үзгісі келмейді. Өйткені, спорт – денсаулық кепілі.