Министрліктің жауапты хатшысы мен департамент басшысы сотталды
Министрліктің жауапты хатшысы мен департамент басшысы сотталды
355
оқылды

Пара алған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы С.Уәлиев, осы министрліктің Әкімшілік департаментінің экс-директоры Е.Дәржібаев сотталды,– деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Шенеуніктер «ҚазАқпарат» баспа корпорациясы» ЖШС президенті Қ.Ботбайдан пара алған. Сондай-ақ, пара берген кәсіпкер де жазаланды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қ.С.Уәлиевке, министрліктің Әкімшілік департаментінің директоры Е.Т.Дәржібаевқа, «ҚазАқпарат» баспа корпорациясы» ЖШС президенті Қ.Қ.Ботбайға қатысты ірі көлемде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады»,– делінген хабарламада. Қ.Уәлиев және Е.Дәржібаев екеуі Қ.Ботбайдан діни тақырыпқа әдебиет басып шығару бойынша мемлекеттік тапсырыс шартын жасау арқылы көрсеткен жалпы көмегі үшін 37 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алды деген күдікке ілінген.

30 қазанда Нұр-Сұлтан қалалық №2 сотының үкімімен С.Уәлиев пен Е.Дәржібаевқа 8 және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ осы үкіммен Қ.Ботбай 7 жылға бас бостандығынан айырылды.