Ақмолада кішкентай қызын 5 жыл зорлап келген ер адам сотталды
Ақмолада кішкентай қызын 5 жыл зорлап келген ер адам сотталды
288
оқылды

Есіл ауданында мектеп психологы кәмелетке толмаған Н.-ды 5 жыл бойы әкесі зорлап келгенін анықтаған. Сот үкімімен қыздың әкесі 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы "Қазақпарат" Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу және жолын кесуге бағытталған қабылданған шаралар, балалықты қорғау мәселелері - прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі. Балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық қатаң түрде жазалануы тиіс. Бүгінгі таңда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар, оның ішінде олардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейту үшін бірқатар құқықтық нормалар қабылданды. «Биыл балаларға қатысты құқық бұзу фактілерінің саны 20 пайызға артты (61 фактіден 78 фактіге). Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы тіркелген қылмыстар саны 40 пайызға өсті (23-тен 39-ға дейін). Өсім ҚР ҚК 122-бабында көрсетілген қылмыстардың артуына байланысты болды. Биыл осындай оқиғалардың саны 23-ке жетті», дейді Ақмола облысы прокурорының аға көмекшісі А. Молдахметова. Жәбірленушілердің көбі өте жас балалар екені алаңдатушылық туғызады. Сонымен қатар зорлық-зомбылық әдістері өзгермеген - көбі отбасында, көшеде, таныстар тарапынан жасалған жыныстық зорлық-зомбылық. Сонымен бірге, ресми статистика әрқашан шындықты дәл көрсете бермейді, өйткені мұндай қылмыстардың белгісіздік деңгейі жоғары. Кей жағдайларда бұл қылмыстар ата-анасы мен қамқоршылары құқығын қорғай алмайтын кәмелетке толмағандарға қатысты жасалады. Мұндай қылмыстарды анықтау көбіне кездейсоқ сипатқа ие. «Мысалы, Есіл ауданында мектеп психологы кәмелетке толмаған Н-ды 5 жыл бойы әкесі зорлап келгенін анықтады (бала 7 жасынан бері бірнеше рет жыныстық зорлыққа ұшыраған). Сот үкімімен қыздың әкесі 18 жылға сотталды. Бұл қылмысты психолог оқушы қызбен әңгімелесіп отырып, оның мінез-құлқының өзгеруіне байланысты анықтаған», - дейді А. Молдахметова. Сонымен қатар, ол кей ата-аналардың кәмелет жасына толмаған балаларына қатысты зорлық-зомбылық оқиғаларын жасыруға тырысатынын да айтты. «Мәселен, бұрын өзінің 10 жасар жиенін бірнеше рет зорлаған, бұған дейін де зорлау оқиғасы бойынша бірнеше рет сотталған Жарқайың ауданының тұрғыны Н. сот үкімімен 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Қыздың анасы бұл туралы білген, бірақ зорлық-зомбылық оқиғасын асырып, полицияға жүгінбеген. Мұндай жағдайға ықпал ететін себептердің бірі - кәмелет жасына толмағандардың ата-анасының тарапынан тиісті бақылау жоқ. Жыныстық зорлауға көбінесе 5-13 жас аралығындағы балалар тап болады», дейді А.Б. Молдахметова.