Америкалық ұтып алған 80 млн долларының 38 миллионын салыққа төлейді
Америкалық ұтып алған  80 млн долларының 38 миллионын салыққа төлейді
108
оқылды

Американың Мичиган штатының 54 жастағы тұрғыны Филип Чиппева лотереядан 80 млн доллар ұтып алды, деп хабарлайды Fox News.

«Чиппева лотерея билеттерін жиі сатып алып жүрген. Бірақ, соңғы рет алған билетін өзінің жүк көлігінде қалдырып кеткен. Кейін оған келіні хабарласып, ұтысты билет Чиппеваның өңірінде екенін хабарлаған. Ол сол кезде ғана әйелі екеуі билетті тексерген»,– деп жазады басылым.

Ұтыс иегері билетті тексеріп, 80 миллион доллар ұтып алғанын білгенде көзіне жас алған. Дегенмен, салық төлегеннен кейін қолына 42 миллион доллар тиеді.

«7 баласы, 21 немересі бар Чиппева ең алдымен, үй, мотоцикл және автокөлік алуды жоспарлап отыр»,– деп жазады Fox News.

Басылмның жазуынша, Чиппева әлі жұмысқа барып жүр және бастығы одан не үшін келгенін күнде сұрайды екен.