2019 жылдың III тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 191,1 мың теңгені құрады,– деп хабарлайды статистика комитеті.
Номиналды жалақы 2018 жылғы ІІІ тоқсанмен салыстырғанда 18,1% -ға өскен.
Салалық құрылымда ең жоғары номиналды жалақы қаржы және сақтандыру қызметіне тиесілі – 484,6 мың теңге (орташа деңгейден 2,5 есе жоғары), кен өндіру және карьерлерді қазуда – 418 мың теңге (2,2 есе), ғылыми-техникалық қызметке – 334,1 мың теңге (1,7 есе), құрылыс саласында – 257,7 мың теңге (1,3 есе).
Атаулы жалақының ең төменгі көрсеткіш деңгейі білім беру саласында – 122,1 мың теңге болды, бұл республикалық көрсеткіштен 36,1% төмен.
Өңірлердің көрсеткішінде ең жоғары номиналды жалақы Атырау облысында тіркелді – 361,5 мың теңге. Ал Түркістан облысында бұл көрсеткіш 122,8 мың теңгені құрады.