Полицейлер  жер-көктен таппай  жүрген ұры Тараздан ұсталды
Полицейлер  жер-көктен таппай  жүрген ұры Тараздан ұсталды
230
оқылды

49 жастағы Қарағанды облысының тумасы құны 25 миллион теңге болатын бағалы тастарды ұрлаған кезде қолға түсіп отыр.

Күдік Тараз қаласындағы зергерлік дүкеннің біріне бетонды тесу арқылы кірген. Бұл іске мұқият дайындалған ол бетонды адам денесі кіретіндей қылып ойып, содан қолы жеткен алтын бұйымдардың барлығын ұрлаған. Алайда  күдікті қолды қылған  заттарын жаратып үлгермей  қолға түсіп отыр.

Ал ең сұмдығы 49 жасар қарағандылық азамат бұған дейін де қарақшылық шабуыл жасап, халықаралық іздеуде жүр екен. Осылайша, полицейлер жер-көктен таппай жүрген қылмыскер  Тараздан табылды. Қазір оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Осы тұста бір айта кетерлігі өткен аптада Алматыда криминалдық іске қатысы бар деген қару да Жамбыл облысы Талас ауданынан табылған болатын. Әйтеуір, қазір барлық жол Таразға апаратын болып тұр...

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы