Қылмыскер 14 адамды өлтіргенін мойындады
Қылмыскер 14 адамды өлтіргенін мойындады
5,216
оқылды
Оңтүстік Кореяда ер адам 14 әйел мен қызды өлтіргенін мойындады.  Қылмыс 30 жыл бұрын жасалған, - деп жазады CNN. Ли Чун Чжэ дүйсенбіде 14 адамды өлтіргенін сотта мойындады.
"Мен қылмыс анықталмай қалмайтынын білдім", - деді  57 жастағы Ли Сувон қаласында өткен сотта.
Қылмыс 1986 жылы басталып, 1991 жылдың сәуіріне дейін созылған. Офицерлер өлген адамда қалған генетикалық іздер арқылы қылмыскерді тауып алған. 2019  жылғы 19 қыркүйекте Оңтүстік Корея полицейлері күдіктіні тапқаны туралы хабарлады.