Астанада пәтерді 5 мың теңгеге жалдау мүмкін
Астанада пәтерді 5 мың теңгеге жалдау мүмкін
313
оқылды

Енді Астаналық жастар айына 5 мың теңгеге пәтер жалдай алады.

Алдағы желтоқсан айынан бастап 29-ға толмаған жастарға жалға 5 мың теңгелік пәтер беріле бастайды. Бұл жайында Елорда Инфо хабарлады.

– 29 жасқа толмаған астаналық жастардан жалға пәтер алуға өтінім «Смарт-Астана» мобильді қосымшасы арқылы қарашаның 5-10 аралығында қабылданады. Барлық өтініш тексерілген соң, өтінім берушілерге қателіктерін түзеу үшін тағы бір күн уақыт беріледі, – дейді қалалық әкімдікке қарасты «Тұрғын үй» қорының директоры Нұрсұлу Қожахметова.

Оный айтуынша, биыл елордада 1-2 бөлмелі 1050 пәтер беріледі. Құрылыс басқармасының мәліметі бойынша 202 – 2 бөлмелі пәтер, 848 – 1 бөлмелі пәтер беріледі. Жас азамат немесе азаматша жалға берілетін пәтерде 5 жыл тұра алады. Яғни, 5 жылдан соң пәтерді босату қажет және сатып алу құқығы берілмейді. Себебі, ол пәтер баспанаға зәру кейінгі буын жастарына берілетін болады.

 Ай сайынғы пәтерді жалдаудың құны 5 мың теңгеден 15 мың теңге аралығында болады. Бұл жерде ақысы пәтердің көлеміне қарай белгіленеді екен.