Денсаулық саласының автопаркі жаңаруда
Денсаулық саласының автопаркі жаңаруда
205
оқылды

Елімізде денсаулық саласында жедел жәрдем көліктері мен емдеу мекемелерінің арнаулы көліктерінің  жетіспеушілігі жылдар бойына қордаланып келген мәселе еді. Бұл, әсіресе пандемия кезінде анық сезілді. Атырау  облысында да  бұл мәселе өзектілігін жойған жоқ. Үкімет те бұл бағытта нақты қадамға барды. Жуырда  аймақ басшысы емдеу меке­мелеріне жаңа медициналық көліктердің кілтін табыс етті.

Емдеу мекемелерінің басшы­ларымен жаңа көліктің тізгінін ұстайтын жүргізушілердің алдын­да сөз алған аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов облыс тұр­ғындарының денсаулығы мен қауіпсіздігі әрқашан басты на­зарда екеніне тоқталды.
«Болуы мүмкін пандемияның екінші толқынына облыс көле­мінде жан-жақты дайындық жа­садық. Медицина саласын қа­жетті көліктермен қамтамасыз ету­де Үкіметтің  үлкен қолдау жа­сағанын айрықша атап өткім ке­леді. Мысалы, облысымызға осы айдың басында 22 су жаңа жедел жәрдем көлігі келді. Жыл соңына дейін тағы 18-і әкелінеді деп жоспарлануда. Сонымен қатар Индер, Иса­тай, Қызылқоға, Мақат және Махамбет ауданына жылжымалы диагностикалық медициналық зертхана кешені берілді. Биыл облыстық медицина сала­сы­ның көлік паркі жаңарып, то­лықты.  Бүгін, міне «Каспий құ­быр консорциумы» да игі дәс­түрді жалғастырды. 12 «Уаз» мар­калы жедел жәрдем көлігін демеушілік жасап, алып беріп отыр. Компания өкілдеріне, өңіріміздің әлеуметтік жағдайын жақсартуға қосып жатқан үлес­тері үшін ризашылығымды біл­­ді­ремін, – деді облыс әкімі М.Досмұхамбетов.
«Каспий құбыр консорциумы» АҚ бас директорының орын­басары Қайыргелді Қабылдин өз кезегінде компанияның әлеу­меттік жобалары аясында жа­салып жатқан жұмысына тоқ­талды.
«Каспий құбыр консорциумы» АҚ-ның әлеуметтік бағдарламасы негізінде жыл сайын 3 миллион доллар қаражат бөлініп келеді. Бағдарлама негізінде балабақша, мектеп, аурухана, демалыс орын­дары, спорт алаңдары бой кө­теруде. Пандемия жағдайында өңірдегі ахуалды тұрақты ұстап, індеттің алдын алу мақсатында облысқа жедел жәрдем көлігін тапсырып отырмыз. Дәрігерлер жұмысы жедел жүруіне үлкен көмек болады деген сенімдеміз. Жыл аяғына дейін компьютерлік томографияны табыстуды жос­парлап отырмыз», – деді Қ.Қа­былдин.
Пандемиямен күресте адам денсаулығы үшін жанкештілікпен еңбек етіп жатқан медицина са­ласы мамандарына облыс әкімі көліктердің кілтін табыс етті. Бүгінде  облыстың  жеті ау­данында да мобильді диаг­ностикалық медициналық ке­шен бар.  Оның әрқайсысында дәрігерлер күніне 150 адам қабылдап, 60-тан астам науқасқа  диагноз қоя алады. Сондай-ақ жуырда тағы бір жылжымалы  зертхана облыстық обаға қарсы күрес стансасына берілді.  width=       Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы