2 қараша күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысына қатысады.Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.
Ташкентте Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің кездесуі өтеді.
ШЫҰ ҰБК отырысының күн тәртібінде — ШЫҰ мүше мемлекеттерінің сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы одан әрі өзара іс-қимылының перспективалары мен өзекті мәселелері қаралады.
Отырыс қорытындысы бойынша сауда, ауыл шаруашылығы, экология, цифрландыру, транзит және көлік салаларында бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланған.