Baby Shark Dance YouTube-та рекорд орнатты
Baby Shark Dance YouTube-та рекорд орнатты
269
оқылды

YouTube желісінде ең көп қаралған видеолардың көшін осы кезге дейін Луис Фонсидің Despacito әніне түсірілген клипі бастап келген. Кеше бұл рекорд өзгерді. Бала біт­кеннің жүрегінен жылдам арада жол тауып, ата-аналарға еріксіз айтқызатын Baby Shark Dance-тің ағыл­шын тіліндегі нұсқасы әлем бойынша қаралым жөнінен 1-орынға шықты.

Бүгінде әлгі Baby Shark Dance бейнебаяны 7,04 мил­лиард қаралым жинаған. Осыған дейінгі көшбасшы Despacito 7 миллиард рет қаралған. Пуэ­рторикалық әнші Луис Фон­сидің туындысы 3 жыл бұрын желіге жүктелсе, Baby Shark 4 жыл бұрын алғашқы оқырман назарына ұсынылған. Арада жылдар өтіп, балалар әні күллі әлемдегі ең көп қаралған ви­деоға айналды. YouTube видеохостингінің рекордына тоқтала кетейік. Луис Фонсидің алдыңғы көш бастаған америкалық рэпер Wiz Khalifa мен Чарли Путтың See You Again бейнебаяны еді. Сонымен қатар жыл бойы оңтүстіккореялық орындаушы PSY-дың Gangnam Style әні абсолют хит қана емес, ең көп қаралған клип те болған. Байқасақ, осыған дейін ба­ла­ларға арналған контенттің ересектер клипінен басып оз­ған кезі болған емес. Десек те, тарихта қалатын күн ретінде 2 қарашаны айта аламыз. Baby Shark Dance клипі рекорд орнатты. Бұл қандай туынды десеңіз, айтайық, 2015 жылы шыққан бұл ән – америкалық халық әніне жазылған ремейк. Видео Pinkfong-та жазылған, контентті кәріс стартапы Smart­Study жасаған. Клипте аку­ла жанұясы мен оның ұсақ балықтарды аулайтын сәті көр­сетіледі. Балаларға ұнайты-ны – ритм. Тілі енді шыққан бала­лардың өзі қайта-қайта қайталап, ду қол шапалақ ұрады. 2019 жылдың қаңтарында әлемді таңғалдырып, Billboard Hot 100 чартында 32-орын иеленген. Ал наурызда Эд Ширанның Shape of You-ді басып озып, тағы таң-тамаша етті. 2021 жылға қарай 8 миллиардан астам қаралым жи­найды деген болжам жасалып отыр.

Айша ЕРСҰЛТАН