Көмір тағы да қымбаттады
Көмір тағы да  қымбаттады
118
оқылды

Жылдан жылға көмірдің бағасы 7 пайызға өсуде.

2015 жылдан бастап Қазақстандағы көмір бағасы 100 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев хабарлады.

Оның айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы тарифтердің қалыптасу процесіне әсер етуші реттелмейтін факторларды атады.

Жарық пен жылытудың басым бөлігі көмір, мазут және газ секілді энергия көздеріне тәуелді. Көмір мен мазут бәсекелес ортада болған соң, оның бағасын мемлекет тарапынан реттелмейді.

Сондықтан, газдың бағасы 14 пайызға өссе, көмір 7 пайызға көтерілді.