Нұр-Сұлтанда газ тарифі төмендеді
Нұр-Сұлтанда газ тарифі төмендеді
84
оқылды
Нұр-Сұлтанда газ тарифі төмендетілді. Газдың бір текше метрінің бағасы 45 теңгеден 34,6 теңгеге төмендетілді. (Бұған дейін бір текше метрді 60 теңге деп белгілеу болжанған еді), - деп хабарлады елорданың ресми  сайты.  Елордада тұрғын аудандарда кварталішілік газбен жабдықтау желілерін салу бойынша жұмыс жалғасуда. Мысалы, Железнодорожный тұрғын алабында газ тарату желілері арқылы іске қосу толық қамтамасыз етілген. Тұтынушыларды қосу үшін қажетті шаралар қабылдануда. Көктал-2 және Промышленный тұрғын аудандарында кварталкішілік газбен жабдықтау желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды - газ жеткізу құбыры арқылы іске қосылды. Ішкі желілерде пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде. Көктал-1 тұрғын алабында газ тарату желілерінің 90 пайызы тартылды. Бұл жұмыс Агроқалашық, Оңтүстік Шығыс тұрғын алаптарында да жүзеге асырылады. Пайдалану шарты бойынша үйлерді газға және есептеу құралдарына қосудың техникалық шарттарын алу үшін тұрғындар фронт-кеңселерге хабарласулары керек. Биыл ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қазандықтары да газға ауыстырылды. Газдандыру процесі үш кезеңнен тұрады, барлық тұрғын аудандар кезең-кезеңімен қосылады. Газдандыру қоршаған ортаны жақсартуға ғана емес, тұрғындардың денсаулығына да пайдалы әсер етеді, сонымен қатар жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайларын айтарлықтай жеңілдетеді. Газдандыру мәселесі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында.