Қазақстанда қарақұмық жармасы мен ұн қымбаттады
Қазақстанда қарақұмық жармасы мен ұн қымбаттады
301
оқылды

2019 жылдың қазан айында алдыңғы аймен салыстырғанда қарақұмық жармасының бағасы 8,6%, бидай ұны – 4%, нан – 3,2% қымбаттады,– деп хабарлайды LS.

Соңғы бір айда тары 1,9%, ақтаған арпа (перловка) жармасы – 1,5%, жарма –1,2%, сұлы жармасы – 0,7% қымбаттаған.

Сиыр еті 2,2%, тауық еті – 1,4%, шошқа еті – 1,3%, қой еті – 1,2%, жылқы еті – 0,7%, қайнатылған шұжық – 0,5% бағасы өскен.

Ал, көкөністің ішінде қызанақ (12,8% -ға), қияр (11% -ға), сарымсақ (7,7% -ға), алма (0,6% -ға) көтерілсе, пияз (9%) сәбіз (8,5%), қырыққабат (6,4%), қызылша (4,6%), картоп (3,3%) бағасы төмендеген.