Роналдудың ұлы 28 матчта 58 гол соққан
Роналдудың ұлы 28 матчта 58 гол соққан
169
оқылды

Роналду «Ювентуске» мадридтік «Реалдан» 2018 жылы жазда ауысып келді

Туриндік «Ювентустің» шабуылшысы Криштиану Роналдудың ұлы өзінің жас категориясындағы «Ювентус» командасындағы бомбардирлік статистикасын арттырып келе жатыр. 

FootballTalentScout хабарлауынша, кіші Роналду 28 матчта 58 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген. Сондай-ақ 18 рет нәтижелі пас шығарып берген. 

Еске салсақ, 34 жастағы Роналду «Ювентуске» мадридтік «Реалдан» 2018 жылы жазда ауысып келді. Сол маусымда командамен А сериясын жеңіп алды. Оған дейін футболшы «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал» командаларының намысын қорғаған. Шабуылшы биыл алтыншы мәрте «Алтын доп» иегері атануы мүмкін.