«Империум» дауы: Сегіз елге саяхаттаймын деп сан соғып қалды   
«Империум» дауы: Сегіз елге саяхаттаймын деп сан соғып қалды   
207
оқылды

Тіптен біреулер 4 млн теңгесін сол сәтте қалай аударғанымызды сезбедік, бізге гипноз жасауы мүмкін дейді. Қолдарына берген келісімшартты кейін мұқият оқығанда алданғандарын кеш түсінген, – деп хабарлайды КТК.

Гүлнәр Шафудинова әуежайда жүргізілген әлеуметтік сауалнамада өзі туралы мәліметті толтырған. Артынша оған «жолдама ұттың» деп хабарласып, «Империум» агенттігінің кеңсесіне шақырған. Сол жерде қалайша 4 млн теңгемді оңай аударғанымды әлі түсінбеймін дейді.

Гүлнәр Шафудинова: «Ішке кіргенде он шақты жұбымен күйеуі мен әйелдері отырды. Әуеннің дауысы қатты шығып тұрды. Әр жұппен жеке-жеке сөйлесті. Маған сегіз жылда әлемнің сегіз еліне барасыз деді. Соған бар ақшамды қалай бергенімді білмедім. Артынан қайтарғым келді. Бірақ келісімшартта қайтару көзделмеген деп шығарып салды», – дейді.

Заңгерлердің айтуынша, қызметі күмәнді агенттікті құзырлы орындар тексеруі тиіс.

Адвокат Мұрат Амитов: «Ақшаны қайтар деген талаптарына олар біз ақшаны қайтармаймыз деген жауаптары қолдарында бар. Сол себептен біз бұл жерде қылмыстың құрамын көріп отырмыз. Ары қарай құқық қорғау органдары дұрыс саралайды», – дейді.

Алдандық деген алты адам Алматының полиция департаментіне арызын қалдырды. Олардың қатары әлі де толығуы мүмкін.

Нұр-Сұлтан қаласында да «Империум» компаниясының құрбанымыз деген азаматтар шығып жатыр. Белгілісі, бәрі де әуежайда толтырған сауалнамадан кейін агенттікке алдандық дейді.