Неміс тіс дәрігері рекорд орнатты
Неміс тіс дәрігері рекорд орнатты
99
оқылды

Германияның Оффенбах қаласында тіс дәрігері науқастың 3,7 сантиметрлік тісін жұлып, әлемдік рекорд орнатты, - деп хабарлайды РИА Новости.

2018 жылы пациент жағының ісініп, қатты ауырғанына байланысты тіс дәрігерінің қызметіне жүгінеді. Рентгенограммада бір тістің ерекше ұзын түбірі бар екендігі көрсетілген.

Дәрігер Макс Лукас ауырған тісті дереу алып тастауды ұсынады. Операция жасалған кезде, ол тістің ұзындығы рентгеннің суретінде көрсетілгеннен де ұзын болғанына таң қалыпты.


Тіс дәрігері бір жыл бойы тісті тексеріп, қажетті құжаттарды жинастырып, Гиннестің рекордына тіркелді.