Көлік апатынан қаза тапқан полицейдің артында екі баласы қалды
Көлік апатынан қаза тапқан полицейдің артында екі баласы қалды
130
оқылды

«Атырау-Орал» тас жолында болған апаттан үш адам қаза болды.

«Атырау-Орал» тас жолында болған көлік апатынан Ақжайық аудандағы полиция бөлімінің басшысы Айболат Нұрлыбеков қаза болды.

Ол жол апатына түскен. Volkswagen Sharan мен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза болды. Айболат Нұрлыбеков Ақжайық ауданындағы Тайпақ полиция бөлімі басшысының міндетін атқарған. Артында 9 және 3 жасар екі баласы қалды.