Қар жауып, көктайғақ болды
Қар жауып, көктайғақ болды
5,281
оқылды

Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, қар жауады.

Синоптиктердің болжамынша, ертең Түркістан облысында жауын-шашын болып, жаңбыр соңы қарға ұласады. Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл мен Алматы облыстарында да осындай ауа райы 5болады деп күтіледі.  Бұл аймақтарда сынап бағанасы 0-5 градус аязды көрсетеді. Ал Қостанай облысында жаяу қатты жел соғып, тұман мен көктайғаққа ұласады.

Осы күні Ақмола облысында  да көктайғақ болады. Синоптиктердің болжамынша, 4 қарашада Жамбыл облысында желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетіп, тұман түседі. Ал Таразда аптаның алғашқы күнінде қатты жел соғып, тұман түсуі ықтимал.