Вице-премьер Бердібек Сапарбаев колледждер даярлап жатқан мамандардың талапқа сай емес екенін айтты.
–Колледждердің жұмысы нашар. Ешкімге керек емес мамандарды дайындаймыз. Қандай мамандар дайындау керектігімізді белгілейміз. Дуалды білім туралы айтып келе жатқанымызға 10 жыл, – деді Үкімет басшысының орынбасары. Сондай-ақ Б.Сапарбаев Ақтөбеге сапары кезінде жауапты тұлғаларға сұранысқа сай маман даярлау керегін тапсырды. Мұнымен қоса енді Ұстаздар мәртебесі заңында ата-ана жауапкершілігі де қаралатынын айтты.