Қырғызстан электр энергиясын Қазақстаннан алатын болды
Қырғызстан электр энергиясын Қазақстаннан алатын болды
164
оқылды

Орталық Азияның жаңалықтар қызметі  таратқан мәліметте 5 қарашада өткен Жогорку кеңештің отырысында айтты.

«Қазір Тоқтағұл суқоймасында 14,7 млрд текшеметр су бар. Бұл былтырға қарағанда 2 млрд текшеметрге аз. Үкімет тапсырмасына сәйкес, Қазақстанмен 300 млн кВт/сағат электр энергиясын алмасамыз. Бұдан бөлек Қазақстаннан жылдың соңына дейін киловатт-сағаты 2,4 центке 500 млн кВт/сағат электр энергиясын сатып аламыз», – деді Равшанбек Сабиров.

Қырғызстан билігі «Электр станциялары» кәсіпорны Тоқтағұл суқоймасында биыл су аз деп мәлімдеген. Тоқтағұл суқоймасы 19 млрд 500 млн текшеметр суды сақтауға арналған.