«Ол өтірікке қарсы, шындық үшін күресуге ниет білдіріп отыр. Өзіне әділетсіздік жасалғанын сезіп отыр. Елжан Біртанов суық және жабық қабырғалардың артынан адамдардың қолдауын сезеді, олардың жылуы мен ыстық лебізін естиді. Әрбір жанға алғыс айтады», – деді қорғаушы.
Дмитрий Куряченко Біртановты ұстау туралы шешімге шағым түсіретінін атап өтті.
Еске сала кетейік, экс-министрі Елжан Біртанов аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды.