Еліміздегі халық саны нешеге жетті?
Еліміздегі халық саны нешеге жетті?
206
оқылды

2019 жылдың 4 қарашасындағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 18 млн 587 мың 186 адамды құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бүгін Қазақстан халқының саны 18 млн 587 мың 186 адам болса, Оның ішінде ерлердің саны – 9 млн 7 мың 654, әйелдер – 9 млн 579 мың 532 адам болған.

4 қараша басталған уақытта елімізде 3 сәби тірі туылып, 1 адам бақилық болған. Жалпы өсім – 2 адам.