Галина Полеваяны қолдауға арналған турнир өтті
Галина Полеваяны қолдауға арналған турнир өтті
163
оқылды

Елордада волейболдан БАҚ өкілдері арасында спорт журналисі Галина Полеваяны қолдауға арналған қайырымдылық турнир өтті.

«БАҚ лига» қоғамдық қоры ұйымдастырған сайысқа «Айқын» газеті, «Егемен Қазақстан» газеті, «Қазақстан» телерадио корпорациясы, «Хабар» агенттігі, QAZSPORT телеарнасы, Elorda aqparat агенттігі, «Қазконтент» агенттігі, «Қазмедиа» орталығы, «Новая площадь» журналистер құрамасы және т.б. еліміздің белгілі бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. 10 команда бақ сынаған турнирде турнирде «Новая площадь» журналистер құрамасы жеңімпаз атанды. Еске сала кетсек, спорт журналистикасының дамуына зор үлес қосқан Галина Полевая «Қазақстан» және «Хабар» телеарналарында қызмет атқарған. Жиырма жылдай «Хабар» телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі болып, ел спортының ішкі және халықаралық ареналардағы жетістіктері жайлы тікелей эфирден жаңалықтар таратып отырды. Журналистік қызметінен бөлек, көркем гимнастикамен де айналысып, спорт шебері атанғына ие болған.

Өкініштісі сол, 2017 жылы журналистің денсаулығы кенеттен сыр береді. Алайда отбасы мұны жасырып келген. Енді дерті асқынып бара жатқан соң көпшіліктің көмегіне жүгінуге мәжбүр. Қазір Галина Полевая Түркияда кезекті отадан кейін ем-дом қабылдап жатыр.

Осы сайыста 440 мың теңге жиналып, Галина Полеваяның есепшотына аударылды.