Әмір Байғазиннің фильмі екі жүлдені жеңіп алды
Әмір Байғазиннің фильмі екі жүлдені  жеңіп алды
159
оқылды

Ресей астанасында «Мәскеу премьерасы» халықаралық кинофестивалінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты болды. Бұл туралы ХАА Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі хабарлады.

Әмір Байғазиннің «Река» фильмі байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. «Мәскеу премьерасы» фестиваліне Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Молдова, Украина, Грузия, Латвия, Эстония, Ресей елдерінің киноматографтары қатысты.