200-дей көлік қар құрсауында қалды
200-дей көлік қар құрсауында қалды
198
оқылды

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында күні-түні қар жауып, көліктер жолда қалып қойды. Қазір құтқару жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

3 қараша күні сағат 18:33-те «Самара – Шымкент» тасжолының 1153-1240 шақырымы аралығында автокөліктердің қар құрсауында қалғаны хабарланды. Ырғыз ауданы Қалыбай ауылы маңында жүк көліктерімен қатар жеңіл машиналар тұрып қалған.

«Шамамен 200-ге жуық көлік жолда тоқтап қалған. Оның 70-і – жеңіл көлік болса, біреуі – 15 жолаушысы бар автобус. Барлығы 125 жүк көлігі де бар. Қазір құтқару жұмыстары жалғасып жатыр»,– деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жолда қалғандар арасында шетелдік азаматтар да бар. Құтқарылған адамдар жақын маңдағы жылыту орындарына жеткізіліп жатыр. ТЖД әзірге құтқару жұмыстарына қанша адам жұмылдырылғанын айта алмады. Құтқарылғандар арасында балалар да бар.