Заңсыз көмек алған отбасылар анықталды
Заңсыз көмек алған отбасылар анықталды
304
оқылды

Елімізде атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін түрлі амалға баратын отбасылар анықталды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде 74 мың отбасы табысын жасырып, атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алып келгенін мәлімдеді.

–Біз учаскелік комиссия жұмысын барлығын тексеріп үлегере алатындай етіп заңдастыратын боламыз. АӘК отбасылық табысы жоқ, көмекке мұқтаж жандарға төленуі тиіс. Бұл жәрдемақы елімізде 2002 жылдан бастап төленіп келеді. Қазіргі таңда АӘК бойынша жаңа заң жобасы Мәжілістің қарауына ұсынылды, – деді ол. Енді келер жылдан бастап АӘК төлеу жүйесі өзгертілмек.