Шымкент интернетке қашан қосылады?
Шымкент интернетке қашан қосылады?
155
оқылды

Үшінші мегаполисте интернет желісі әлі күнге дейін күрделі мәселе. Жыл басында шаһар басшысының жылдық есебінде қалаға қосылған елді мекен тұрғындары байланыс қызметінің нашарлығы туралы шағым айтқан еді.

Қашықтан оқу барысында ата-аналардан интернет сапа­сының нашарлығы туралы көп­теген арыз да келіп түскен. Тө­тенше жағдай қала аумағын са­палы интернетпен қамту мен жылдамдығын күшейту мәселесі әлі күнге шешілмегенін көрсетіп берді. Мұны қала басшысы да мойындап отыр. Қазіргі таңда  мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі интернет арқылы жүзеге асырылатыны, сондықтан сапасы төмен елді мекендерге көңіл бө­ліп, 5G жылдам интернет желісін қолға алуы керегін ескерткенімен, тиісті сала басшылары аса қатты қимылдай қойған жоқ. Жуырда Әл-Фараби ауданы әкімінің есе­бінде де бұл мәселе қатты қарал­ды. Сонымен қатар карантин уа­қытында интернет желісі бар­лық салаға ауадай қажет болды. Оның «Қазақтелеком» АҚ  қызметтеріне жүгінушілер қатарының пандемиядан бұрынғы уақытпен салыстырғанда екі есеге көбейгенінен көруге болады.  Бұрын мекеме күніне 300-ге жуық жеке тұлғаға қызмет көрсетсе, қазір оның саны 500-ден асқан. Қала сыртындағы шеткі ай­мақтар мен жекеменшік сек­торларда, жаңа тұрғын үй ке­шендеріндегі құрылыстарда ин­тернет желісі күрделі мә­селе болып отыр. «Барының өзін­де  ұсынылатын интернет бай­ланыстың ең жоғары жүктемесі кеш­кі 17.00-ден бастап 20.00 ара­лығында едәуір проблемаға айналады», – дейді Шымкент қа­ласындағы «Қазақтелеком» өкі­лі. Қазақтелекомдықтар  шаһар­дағы №136 мектептегі көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларға 763 SIM-карта тара­тыпты. «Бұл тарифтік жоспар BilimLand және Kundelik.kz білім беру платформаларына тегін», – дейді коммерциялық директор Света Шерелханқызы. Осы тұста айта кетейік, шындығына келгенде аты аталған білім беру платформаларының тегін болуы шымкенттік оқушылар үшін аса маңызды емес. Себебі оқу­шылар мен студенттердің ба­сым бөлігі WhatsApp желісі және Zoom бағдарламасы арқылы са­баққа қатысады. Қазір бұдан бө­лек барлық оператор 990 теңге бо­латын оқушыларға арналған «Білім» тарифін енгізген. Осын­ша теңгеге бар-жоғы 1 ГБ қана беретін операторлар  мұнда да жоғарыда атап өткен білімге қатысты сайттар  тегін деп көрсет­кен. Жасөскіндерге бұл сайттардан гөрі WhatsApp желісі мен Zoom бағдарламасының тегін болуы ауадай қажет.   Сондықтан осынау «Білім» тарифі операторлардың министрліктерге берер есеп­тері үшін тиімді болмаса, тұты­нушылар оған аса мұқтаждық та­нытпайды. Себебі 1 ГБ ешнәрсеге де жетпейді. Сонда бұл тарифті не үшін енгізіп қойған?! «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының қызмет түрлері тиім­ді болғанымен, әлі күнге дейін шалғай ауылдар оның қыз­метін пайдалана алмай келеді. Есе­сіне, бірнеше есе қымбатқа түсе­тін сол баяғы «Актив», «Би­лайн», «Теле2» мен «Алтел» сын­ды ұялы байланыс  және мо­бильді интернет қызметтерін ұсынатын байланыс жүйелерінің қызметін пайдалануға мәж­бүр. Тағы бір өкініштісі, ел­дегі пандемия жағдайына бай­ланысты қымбатшылық пен дағдарыс қысқан тұста осынау байланыс желілері де барлық тарифтік құнды бірнеше есе­ге қымбаттатып жіберген. Елі­міз­дің тұрғындарының басым бөлігіне қолжетімді болып жүр­ген тарифтер бірден екі есеге кө­терілген. Мәселен, аталған операторлардағы 1 990 теңгелік та­рифтер қазір 2 790, 2 990 тең­геге бір-ақ қымбаттады. «Жы­ғылғанға жұдырық» болып, дәл осы кезде тарифтік құнды шек­тен тыс көтермесе болмас па екен? Жалпы, елімізде осы мә­селеге Тұтынушылардың құ­қықтарын қорғау комитеті тара­пынан қандай да бір қозалыс бай­қалмайды. Біз пандемия кезінде қай са­ланың қызметіне сұраныс арт­қанын айта келіп, туындаған мә­селеге де назар аудартқымыз ке­леді. Сонымен бұл салада да әлі де болса жетілдіруді қажет ететін жайт­тар көп болып тұр. Айта кетейік, қазіргі таңда бар­лық өңірде Цифрландыру бас­қармасы жұмыс істейді. Мұндай басқарма Шымкент қаласында да бар. Алайда білдей басқарма осындай олқылықтардың орнын толтырмағанда не үшін керек деген ой мазалайды екен... Елімізде интернет желісінің әлі күнге кенже қалып отырғанына мұның да үлкен әсері болуы мүм­кін. Ал үлкен астаудан ас  ішіп үй­реніп қалған компанияның өзге басшылықтарының қазіргі жағ­дайы қалай екен? Бөлінген қар­жылар өз мақсатына жұм­са­лып жүр ме?!

Назгүл НАЗАРБЕК,  Шымкент қаласы