Жалдамалы жұмысшының еңбегі ескеріле ме?
Жалдамалы жұмысшының еңбегі ескеріле ме?
334
оқылды

Парламент Мәжілісінің жұмысшы комиссия отырысында  «Жалдамалы еңбек мәселелері бойынша заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланғаны белгілі. Талқылауға қатысқан «Қазақ­стандық мұнай-газ кешені салалық  кә­сіптік одағы» ҚБ-нің Атырау облыстық фи­лиалының төрайымы шақырылған Аты­рау қалалық мәслихатының депу­таты Салтанат Рахимова жалдамалы жұмысшылардың еңбек қатынастары реттелмей келгені туралы айтып бер­ді.       

«Бұған дейін мемлекетімізде пайдаланылып отырған жал­дамалы жұмысшылардың еңбек қатынастары реттелмей келгені рас. Заң жобасы соны реттеуге, яғни кадрлық агенттіктер мен рекрутингтік компаниялар ар­қылы жұмысқа тартылатын жұ­мысшылардың құқықтарын қор­­ғауға бағытталған. Заң жал­дамалы жұмыс­шылардың негізгі жа­лақысын теңестіру, олар­ды сақтандыру, зиянды еңбек жағ­дайлары үшін өтемақы төлеуді қарастырып отыр, яғни жал­да­малы жұмысшылардың құқық­тарын қор­ғауда бірқатар оң өзгеріс болмақ», – дейді Сал­танат Рахимова. Әлеуметтік желіде жалдамалы жұмысшы­лардың жалақылары теңес­тірілетіні туралы да ақпарат та­рады.  Бірақ заң жобасы жал­дамалы жұмысшылардың   негізгі жалақысын көтеріп теңестіруді ғана көздеп отыр. «Кәсіпорынның өз жұмысшыларына төлейтін сыйақы, өтемақы мен түрлі ын­таландыру жүйесі жалдамалы жұ­мыс­шыларға қолданылмайды. Сон­дықтан бір­дей лауазымда жұ­мыс атқаратын тұрақты жұ­мысшы мен жалдамалы жұмысшының ең­бекақысының арасында бәрібір теңсіздік пай­да болады. «Бірдей еңбек үшін бірдей еңбекақы» принципі бұзылады, жалдамалы жұмысшыларды кемсітушілік пайда болады», – дейді депутат. Олар заң жобасына біліктілігі мен мамандығы, атқаратын жұмыстары бір­дей жалдамалы қызметкер мен тұрақты қызмет­кердің жалақылары бірдей бо­луы тиіс және жалдамалы жұ­­мысшыларға ұжым­дық шарттың барлық жеңілдіктері мен әлеу­меттік қорғау тетіктері қолданылуы тиіс деген норма енгізуді ұсынған екен. Өкі­нішке қарай, бұл қолдау таппапты. Тағы бір маңызды ұсыныстың бірі – қауіпті және аса қауіпті өндірістік нысандарда жалдамалы жұмыс­шылардың еңбек күшін пайдалануға тыйым салу болатын. «Біріншіден, қауіпті және ерекше қауіпті еңбек жағдайлары бар кәсіпорындар өз қызмет­керлерін, отандық мамандар дайындауы керек. Сонда ғана ұрпақ сабақтастығына кепіл бо­латын еңбек династиялары құрылады. Ең­бек династияларын көтермелеу – бұл ұжым­дар мен қолайлы климатты құрудың, әлеу­меттік тұрақтылықты сақтаудың және әлеу­меттік серіктестікті құрудың негізгі фак­торларының бірі. Қауіпті объектілердегі қыз­меткерлердің ауыспалы сал­дары өндірістік мә­дениеттің төмендеуіне, зиянды және қа­уіпті кәсіпорындар мамандарының құ­зыреті мен жауапкершілігінің төмендеуіне әкеп соғады, айна­лып кел­генде, мұның бәрі кә­сіп­орын­дардағы қауіпсіздікке кері әсерін ти­гізеді. Сондықтан экономикалық объектілердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оларды уақытша кадрлық агенттіктер арқылы тартпай, кәсіпорындар өз кадрларын даярлауы қажет. Екіншіден, қауіпті және ерекше қауіпті өндірістік объектілердің қызметкерлері то­лық­қанды түрде әлеуметтік қамтамасыз еті­луі керек», – дейді Салтанат Рахимова. Оның айтуынша, мұндай компаниялардың қыз­меткерлері толық әлеуметтік қорғалуға құ­қылы, сондықтан олар зейнеткерлікке шық­қан­ға дейін барлық жеңілдік пен кепілдікті сақтауы керек, зей­неткерлікке шыққаннан кейін олар компания тізімінде қалып,  же­ңіл­діктерге ие болуы керек. Расында да, жалдамалы қыз­меткер ауыр­ған жағдайда кәсіпорындар оларды кадр­лық агенттіктер арқылы тартылған жаңа ка­др­лармен алмастыра салады. Сондықтан кейіп­керіміз жалдамалы жұмысшыларды қауіпті және ерекше қауіпті объектілерге жұмысқа тарту дұрыс емес деген пікірді айтып отыр. «Қазір елімізде 300 мыңнан астам адам зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді. Кәсіби аурулар бастапқы саты­сында нашар анықталады, кәсіптік пато­логиялық көмек жеткіліксіз, кәсіби ауру­ларды анықтау деңгейі өте нашар. Жалпы, Қа­зақстанда кәсіптік аурулар мәселесі  мұқият кө­ңіл бөлуді талап етіп отыр. Сондықтан өте­мақы төлемеу үшін жұмыс берушілер кә­­сіптік аурулардың алғашқы белгілері анық­талысымен немесе араға уақыт салып жұ­мысшылардың құрамын жаңартуға, «ескі» («науқас») жұмысшыларды жаңа («сау») жұ­мыс­шылармен ал­мастыруға тырысады. Өзі­нің барлық жемісті жылдарын зиянды жағ­дайларда жұмыс істеуге жұмсаған жұмыс­шыларға мұндай көзқарасты болдырмау үшін қауіпті нысандарда жалдамалы жұмыс күшін пайдалану дұрыс емес», – дейді депутат. Сондай-ақ жалдамалы ең­бекке мерзім қою керек деген ұсыныстары да назарға алын­баған. Бұл, әсіресе ауыр және зиянды өндіріс орындарындағы жұмысшыларға қатысты қол­данылуы керек еді. «Жалдамалы жұмысшыны оның нақты жұмыс істейтін же­ріне жіберудің нақты мер­зімі белгіленбеуі кадрлық агент­тіктердің іс жүзінде компанияларда тұрақты жұмыс орнында қызмет істейтін жұмыскерлермен ең­бек келісімшарттарын шексіз ұзар­та беруіне мүмкіндік береді. Біз жалдамалы еңбекті тек 1 жылға дейін пайдалануды, егер 1 жылдан асып кететін болса, онда сол кәсіпорынға тұрақты жұ­мысқа қабылданатыны ту­ралы нор­ма енгізуді ұсынғанбыз. Ірі компаниялар кадрлық агент­тіктермен өзара сөз байласып, тұрақты жұмыс орындарын аутсаф­фингке ауыстыру арқылы үнемі жалдамалы еңбекті пайдаланбауы үшін белгілі бір шектеулі мерзім енгізу қажет. Әйтпесе, біздің барлық жұмысшымыз болашақта тұрақты жұмыс орындарында істей жүріп, уақытша жалдамалы жұмысшы статусынан арылмайтын болады», – дейді Салтанат Ра­хим­ова. Заң жобасын осындай норма­лармен то­лық­тырған жағдайда ғана жалдамалы ең­бек қатынастарын толыққанды реттеуге мүм­кіндік болатынын айтып отыр.  Әйтпесе, жал­дамалы жұмысшылардың заң­ды мүдделері мен құқықтарын қор­ғауға әлі толыққанды қол жет­кізілген жоқ.  width=       Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы