Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым және философия ғылымдарының кандидаты Бижамал Рамазанова қайтыс болды. Ол 1927 жылы 21 маусымда Талдықорған облысы Қызылағаш ауылында туған.
Алма-Ата мұғалімдер институтын (1957 жылы), Абай атындағы қазақ педагогика институтын (1959 жылы) тәмамдаған. Ұлы Отан соңысы кезінде 15 жаста болғанда орта мектеп мұғалімі болған. Содан кейін Талдықорған қалалық комсомол комитетінде (1945-1959) лауазымды қызметтер атқарды.Талдықорған қалалық, Талдықорған облыстық атқару комитеттерінде, Алматы облысы партия комитетінде (1959-1963), Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Төралқасында (1963-1975), республикалық Министрлер Кеңесінде (1975-1982) лауазымды қызметтер атқарды. Сол кезде Дінмұхамед Қонаев, Шахмардан Есенов және Ғабит Мүсірепов сынды тұлғалармен бірге еңбек еткен.
Зейнет демалысына шыққан соң Мәдениет қызметкерлерінің білім деңгейін көтеру институтында, Алматы жол құрылысы институтында дәріс оқыды. Қазіргі Алматы облысы Ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі болды және Алматы қалалық жастарды патриоттық тәрбиелеу секторын басқарды. Ол 2 мәрте "Қызыл Ту" және 2 мәрте "Құрмет белгісі" ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.