Оқиға Bla bla bar кафесінде болған. Видеода кафеге мониторинг тобы кіргенде дәмхананың қоршауын қирата қашқандар анық көрінеді.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Сәтпаев пен Достық көшелерінің қиылысындағы кафеде болған. Полицейлер Bla bla bar-ды тексеруге барғанда санитарлық талаптардың сақталмағанын анықтаған.Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев: «Карантин талабын сақтамаған 51 адам Полиция басқармасына жеткізілді. Олар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425-бабымен әкімшілік жазаға тартылды. Сондай-ақ, дәмхана басшылығына қатысты да шара қабылданды. Полиция қызметкерлерін көрген кейбір клиенттер қоршауды қиратып, қашып кеткен», – деді.