Есірткі сатқан ерлі-зайыпты ұсталды
Есірткі сатқан ерлі-зайыпты ұсталды
218
оқылды

Есірткі сататындарды анықтау үшін полиция арнайы операция өткізген. Арнайы операция барысында героин сатып тұрған 37 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйел ұсталған.

Полицейлер екеуінің есірткі сататынын анықтаған. Ерлі-зайыптылардың пәтерін тексеру кезінде олардан: есірткі өлшейтін электронды таразы, 1 миллион теңгеден астам қолма-қол ақша, сондай-ақ героин салынған 2 полиэтилен пакет және есірткі салынған 25 қағаз пакет табылған.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімі полиция бастығының орынбасары полиция полковнигі Ерлан Әкбаровтың айтуынша, әйел есірткіні буып-түйіп дайындап отырған. Ал күйеуі тікелей есірткі сатумен айналысқан. Тергеу барысында әйелдің бұған дейін де есірткі сатқаны үшін екі рет сотталғаны анықталды. Осы оқиғаға қатысты тергеу басталды.