Есірткі сататындарды анықтау үшін полиция арнайы операция өткізген. Арнайы операция барысында героин сатып тұрған 37 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйел ұсталған.
Полицейлер екеуінің есірткі сататынын анықтаған. Ерлі-зайыптылардың пәтерін тексеру кезінде олардан: есірткі өлшейтін электронды таразы, 1 миллион теңгеден астам қолма-қол ақша, сондай-ақ героин салынған 2 полиэтилен пакет және есірткі салынған 25 қағаз пакет табылған.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімі полиция бастығының орынбасары полиция полковнигі Ерлан Әкбаровтың айтуынша, әйел есірткіні буып-түйіп дайындап отырған. Ал күйеуі тікелей есірткі сатумен айналысқан.
Тергеу барысында әйелдің бұған дейін де есірткі сатқаны үшін екі рет сотталғаны анықталды.
Осы оқиғаға қатысты тергеу басталды.