Браконьерлерден 167 дана киік мүйізі тәркіленді
Браконьерлерден 167 дана киік мүйізі тәркіленді
98
оқылды

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері киік мүйізін сатып алу және оларды шетелге өткізумен айналысатын азаматтарды іздестіруде. Ал Қызылорда облысында полицейлер қарақұйрықты атып өлтірген браконьерді қамауға алды. Тәртіп сақшылары күдікті көрінген мотоцикл жүргізушісін тексеру мақсатында тоқтатқан. Көлік құралын тексеру барысында олар қарақұйрықтың ұшасын, пышақ пен мылтықты тапты.

Сондай-ақ Түркістан облысының аумағында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген бір айда табиғатты қорғау заңнамасы саласында үш экологиялық қылмыс және 159 әкімшілік құқық бұзушылық ашылды. Полиция браконьерлерден 152 килограмм заңсыз ауланған балық, үш қайық және 200 метрден астам торды тәркіледі.

Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Келес аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторларымен бірге Сырдария өзенінде электр тоғының көмегімен балық аулаумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады. Екі күннен кейін олар тормен балық аулаған тағы екі браконьерді құрықтады.

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.