Шымкентте жарылыс болып, ресейлік азамат жарақат алды
Шымкентте жарылыс болып, ресейлік азамат жарақат алды
270
оқылды

Шымкенттегі «Нұрсәт» ықшамауданында бес қабатты тұрғын үйде газ жарылды.

Оқыс оқиғадан пәтерді жалдап тұрып жатқан Ресейдің 63 жастағы азаматы дене жарақатын алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылыс таңғы сағат 06:27 шамасында 1-қабаттағы пәтерде болған. Жарылыс салдарынан есік-терезе сынып, үй жиһаздары жанып кеткен. Үйдегі 4 адам қауіпсіз жерге шығарылып, тағы 6 адам құтқарылған. Сондай-ақ, жарылыс салдарынан көршілес орналасқан екі пәтердің терезесі мен ауладағы «Ауди» автокөлігінің алдыңғы әйнегіне зақым келген.

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 29 жеке құрамы мен 6 техникасы, Апаттар медицина орталығы филиалы, жедел-құтқару жасағының 8 қызметкері мен 2 техникасы, Полиция департаментінің 20 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылған.

Жалын таңғы сағат 06.42-де оқшауланып, сағат 07.20-да толығымен сөндірілді. Өрт 35 шаршы метр аумақты шарпыған. Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа газдың жиналуы себеп болған.