Бейімбет Майлинге арналған спектакль
Бейімбет Майлинге арналған спектакль
161
оқылды

Алматыда қазақтың ұлы жазушысы Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай спектакль көрсетілді.

Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының актерлары көрермендерге әйгілі жазушының балалық шағын, жастығын және өмірінің соңғы жылдарын көрсете алды. Жазушының басты рөлін Нұрлан Байшин сомдады.

Бейімбет Майлин ата-анасынан ерте айырылып, оны әжесі Байдас тәрбиелеп өсірді. Ауыл молдасынан оқи бастаған ол, жас кезінен-ақ оқуға деген ынтасы ерекше болды.
Ол жастайынан ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласып, түрлі басшылық қызметтер атқарды. Сонымен қатар газет-журнал басылымдарында жұмыс жасады, мақалалар, очерктер, өлеңдер жазды.

Жазушы барлық шығармашылық әлеуетін жарқын болашақ болатынына шын жүректен сенген. Алайда басқа зиялылар секілді ол да сталиндік қуғын-сүргіннің астына түсіп, заңсыздықтың құрбанына айналды. 1938 жылы ақпанда, 43 жасында атылды.

«Спектакльде оның өмірбаяны көп айтылады. Актерлер оның өмірінің соңғы жылдарын архивте көрсетілгендей шебер жеткізе білді. Ол кезде оның шығармаларын Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин және басқа да көрнекті тұлғалар жоғары бағалаған», - дейді Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып.