Хатта 10 жасар бала Президенттен тегін спорт секцияларын құруын сұраған.
Алматылық бала 4-сыныта оқиды. Есімі – Нұрбақыт Ғалымжан. Ол ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазған.Баланың анасы Алма Берікқалидың айтуынша, ұлы күтпеген жерден қағазға жазылған хатты қолына әкеліп, оны Президентке жіберуді сұраған.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы, мырза, күзгі демалыс неге қысқа? Мектеп бағдарламалары өте күрделі. Ал біз тек бір апта демаламыз. Мәселен, мектеп бағдарламасында қажетсіз пәндер бар: жаратылыстану, өзін-өзі тану және өлкетану секілді. Меніңше, оның орнына тегін спорт секциялары болуы керек. Себебі, ер балалар – болашақ әке, олар отбасының тірегі. Сондықтан алтын уақытты қажет емес пәндерге өткізген керегі жоқ. Сондықтан да мектепке барғымыз келмейді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіз менің хатымды жауапсыз қалдырмайсыз деп үміттенемін», – деп жазған екен.