Мониторингтік агенттік деректеріне қарағанда жыл басынан бері баспана 13 пайызға өскен.
«Оның басты себебі, зейнетақы қорынан қаражат алуға болатыны туралы ақпарат» дейді сарапшылар. Ал экономистер болса, «елдің инвестициялық климаты нашарлай түсті» деп отыр.
Жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін үй сатып алуға пайдалану туралы Жарлық шықты. Содан бері алыпсатарлар пайда көріп қалуға жан таласып жатыр. Жыл сайын тек 2-3 пайызға қымбаттайтын баға биыл 13 пайызға өсті.
Пәтер бағасы қымбаттаған аймақтардың басында Өскемен, Павлодар, Тараз қалалары тұр. Бұл қалаларда баға бақандай 19-20 пайызға көтерілген. Пәтер құны ең арзан деген Ақтаудың өзінде қымбатшылық байқалады.