Мүгедектік – ақ пен қара арасы
Мүгедектік – ақ пен қара арасы
370
оқылды

Қазақстанда балалардың тек 3% мүмкіндігі шектеулі және арнайы қажеттіліктері бар ретінде тіркелген. Бұл сан әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен, ондағы көрсеткіштер балалардың 10-15% құрайды.

мүгедекМұндай өзара айырмашылық бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау әдістемесінің басқа елдердегі әдістемелерден және жіктемелерден өзгешелегінде болып отыр – Қазақстандағы әдістеме әлі күнге дейін мүгедектіктің медициналық жағын ғана есепке алады.

мүгедек Осыған қарамастан елімізде мүмкіндігі шектеулі  жасөспірімдерге қол ұшын созып, өмірде қалыптасып кетуіне атсалысып жатқан орталықтар да жетерлік. Сондай мекемінің бірі – «КИТ» инклюзивті клубы. мүгедек  

«Өзіңді қуантудың ең жақсы жолы – өзгені қуанту» дейді клубтың жобалық әкімгері Жанель Абуева. Бастапқыда клуб Education for all деп аталған. Ол жерде тұрмыстық әлеуеті төмен әрі аз қамтылған отбасындағы балаларды тегін және ақылы түрде білім береді. Орталық сол бағытынан тайған емес. Тек ішінен тағы бір тармағы ретінде  мүгедектігі бар жасөсіпірім мен ересектерге арналған «КИТ» инклюзивті клубы пайда болды.

мүгедек Жанель Абуеваның айтуынша, клуб үш бағытта жұмыс істейді. Біріншісі – инклюзивті театр. Театрға келген жандар өздерінің денсаулығының қиындығына қарамастан өзі секілді қатарластарымен бірге театрландырылған қойылымды сахналайды. Соның  барысында вокалды үйренеді, актерлік кәсібилігін арттырады. Ең бастысы қоршаған ортаға еніп, өзгелермен тіл табыса отырып, жанына жақын дос-жаранды табады. мүгедек – КИТ дегенді таратып айтар болсам, ол – Кәсіп, Инклюзия, Тәуелсіздік. Шыны керек, пандемия қолымызға байлау болды. Соған қарай жоба-жоспарымыз да тұралап қалды. Әзірге біраз жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Бүгінде жұмысымыз онлайнға көшті. Мысалы, «Алиса в стране чудес» қойылымы онлайн режимде өтті. Оған 20 шақты мүмкіндігі шектеулі  балалар қатысты. Ал 35-ке жуық волонтерлер оларға атсалысып, көмектескен болатын. Сондықтан дайындықты әр сенбі сайын 10 апта бойы өткіздік. Қойылым мюзкл, сөйлеу мәнері және пантомима жанрында болды. Балалар өздерінің образына қажетті киетін киімін өздері тігіп, сурет салып, барынша дайындалды, – дейді жобалық әкімгері Жанель Қайратқызы. мүгедек Қазір клубқа 13 жастан 27 жасқа дейінгі аралықтағы 32-ге жуық жасөспірім мүше. Соның арасында бірді-екілі ересектер бар. мүгедек«Мысалы, жасы 30-да бола тұра оның психологиялық жасы әлдеқайда кіші келетін жағдайлар болады. Ондайға біз түсіністікпен қараймыз. Себебі бізде қазір даун және аутизм синдромдарына шалдыққандар, психикалық ғана емес, физиологиялық тұрғыда дамуы қалыс қалғандар бар. Соның ішінде екеуінің сырқаты – сирек кездесетін аурудың бірі» деген ол балаларға өзін қолайлы сезінетін ортаның қажет екенін меңзеді. мүгедек – Бұл жерде жасөспірімдер көрсетілімге дайындалу барысында мәтінін жаттап, ойнын ойнап, дайындыққа барын салады. Содан болар балалардың сөйлеуі де, өзін-өзі ұстауы да түзеледі. Олар өз рөлін жақсы ойнап қана қоймай, өздерінің басқа қырын ашуы да мүмкін. Мәселен, Айша деген қызымыз бұрыннан ән салатын. Ал Омар бұған дейін өнермен айналыспаған. Бірақ осында келгелі би билейтін болды. Абдулла, Қадыржан және Қуаныш секілді жігіттеріміз ән салатыны бар. Адам баласы қандай да бір істі үйренуге бел буса, өзінің жандүниесін танып, басқа қырын аша алады. Оның үстіне, олармен жұмыс істеп жүрген волонтерларымыз өз уайым-қайғысын ұмытып, көңіл-күйі көтеріліп, бір сергіп қалады. Ең бастысы, біз баланың қоршаған ортаға ашылып, оған сіңісуге үйретеміз, – деді ол. мүгедек Клубтың екінші бағыты – кәсіптік бағдарлау бағдарламасы. Мұнда балалар жаңа бір істі үйренуіне көмектесеміз. Көп адамға көкөністі тазалау, тамақ істеу, тазалықты сақтау, сурет салу қалыпты дүние. Алайда ол балалардың көпшілігі қолына пышақ алып көрмеген. мүгедекОларға бұл – тағы бір белесті бағындыру. Мәселен, көкөністерді тазартып, ет кесіп, тұздық пісіруді үйренеді. Арасында тігіншілік пен қолөнер де оқытылады. Оның бәрін еріктілер жүргізеді. Үшіншіден, silent cafe - тыныштық кафесі. Мұнда жасөспірімдер мен волонтерлар ишарамен сөйлеу үйретіледі. Яғни, қол мен саусақтардың қимылымен сөйлесу. мүгедектікНегізінен құлақтың мүкістігі бар немесе мылқау балалармен тіл табысуға қажетті құрал. Ол аптасына бір рет өткізіліп тұрады. Пандемия басталмай тұрғанда жұмасына екі рет өткізетінбіз. Сондай кезде 2-3 сағаттай тыныштықта болатынбыз. Бірі - ыммен сөйлейді үйренгісі келсе, енді бірі - тыныштықта болып, ой елегіне кетеді.  
Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, істеп жатқан жұмыстың жемісін көру үшін уақыт пен табандылық қажет. Олар былтыр қараша айында "Dreamers" мюзклін қойғанда 500-ден аса көрермен балалардың өнерімен  тамсанған болатын. «Аз уақыттың ішінде барлық нәрсеге қол жеткізу мүмкін емес. «Сабақты ине сәтімен» демекші, бәрі уақытымен болады. Әр бала істеген ісіне қуануы – бізге бақыт.
мүгедекБұл мюзклдің желісі - біздің балалардың аңсаған арман-тілектері. Осы жолда олардың басына түскен қиындықтарға бой алдыртпай күресіп, арманына қол жеткізу. Бүгінде осының желісі бойынша кино түсіріп жатырмыз. Жоспарымыз бойынша киномызды монтаждап отыру керек еді. Алайда пандемияның салдарынан фильмді түсіру үстіндеміз» деген Жанель Қайратқызы аз да болса жеткен жетістіктерінің барын айтты. мүгедек – Кішігірім жеңістеріміз бар, бірақ әлі де тер төгуіміз қажет. Үш бағыттың да «илеп отырғаны бір терінің пұшпағы». Біреуінде волонтерлардың біліктілігін арттырсақ, келесіде мүмкіндігі шектеулі балалардың ешкімнен кем емес екенін көрсетіп, олардың заманнан қалыспай бәрін меңгергенін қалаймыз. Шынын айтсам, бұл жерде біздің оларға үйретуімізден гөрі, олардан аларымыз көп секілді. Осыны еріктілеріміз де меңзейді. Сонымен бірге, іс-шарамыз қайырымдылық барысында өтетіндіктен көпшілік оған аяушылықпен қарайды. Бізге елдің аяушылығы керек емес. Бастысы мүгедектігі бар әрбір жанның пікірімен санасып, сөзіне құлақ асып, қоғамның бір мүшесі ретінде қарау, – дейді Жанель Абуева. мүгедек Клубқа кез келген адам волонтер болып жұмыс істеуіне болады екен. Көмек беруге даяр жанның қызығушылығына қарай бағыттайды. Ал ортаға бауыр басып, үйренісіп кету волонтерға да қажет. Егер «бұл менің ісім емес» деп онымен айналысқысы келмейтінін түсініп, кеткісі келген волонтерды да ешкім қыспақтамайды. Содан болар осы жерде ұзақ жыл бойы келе жатқан еріктілер де бар. мүгедек «Клубымызға еріктілерді негізінен ұсынысхат арқылы аламыз. Алайда біздің ісімізден хабардар болып, қол ұшын беруге даяр жанның бетін қақпаймыз. Бірлесе жұмыс істеуге тырысамыз. Бүгінде  инклюзивті театр бойынша грант алып, 3 адам жұмыс істеп жатыр. Жалпы мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу қиын емес. Олар өте еңбекқор, жауапкершілігі зор. Айтқаныңды екі етпей істейді» деп балалармен мақтанып қойды жобалық әкімгері. мүгедек – «Бес саусақ бірдей емес» дегендей, баланың бәрі бірдей емес. Арамызда  Аида деген қызымыз бар, өте позитивті. Күн секілді жан-жағына шуақ шашып отырады. Арасында болмысы тұйық жандар да бар. Кейбірі  бәрімен бірге көңіл көтеріп жүре берсе, енді бірі тек бір волонтермен жүргенді ұнатады. Сондай кезеңде әр адамның өз әлемі барын түсінуіміз керек. Ол тек мүгедектігі бар балаларда емес, дені сау жанның өзі кейде ешкіммен сөйлескісі келмейді, көргісі келмейтін сәті болады. Ондайда біз олардың өз-өзіне келуіне уақыт беріп, жанынан табылуға тырысамыз, – деді ол. мүгедек Расында да заңнамадағы алғашқы оң өзгерістер, төлем мен қызметтер жүйесінің жақсаруына қарамастан, мүмкіндігі шектеулі балалардың қазірге 28,6% ғана арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Ауылдық жерлерде ондай жасөспірімдердің ұрымталдығы, олардың әлеуметтік оқшаулығы және экономикалық қиындықтары оңалту қызметтеріне қолжетімділіктің шектеулі болуынан тереңдей түседі. [embed]https://youtu.be/Cns7QgtCrd4[/embed] Мүмкіндігі шектеулі  балаларға арналған әлеуметтік қызметтер және төлемдер жүйелерін жетілдірумен қатар аса маңызды міндет болып инклюзивті орта қалыптастыру – бірлесіп оқу және уақыт өткізу үшін жағдай жасау, бұл мүмкіндігі шектеулі  балаларға және жасөспірімдерге қоғамда бейімделуге мүмкіндік береді. Ал бұл оқшаулық салдарынан туындайтын мүгедектік стигмасын жеңуге түрткі болады.