Жедел жәрдем көлігі қағып кеткен адам көз жұмды
Жедел жәрдем көлігі қағып кеткен адам көз жұмды
5,248
оқылды
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісі жол бойында тұрған адамды қағып кетті. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Бүгін, 10 қарашада жедел жәрдем көлігі шақыртуға бара жатқан кезде жол бойында тұрған 71 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға Попов көшесі мен 15 магистраль қиылысынан 30 метр жерде болған. Зардап шеккен адам оқиға орнында көз жұмды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.