Археологиялық парк қалыптасады
Археологиялық парк қалыптасады
258
оқылды

Қызылорда  облысы Қаза­лы ауданындағы орта­ғасыр­лық Жанкент қала­шығында «Жанкент қала­шығын­дағы аспанасты муз­ейі және дала­лық зерттеу жұ­мыс­тарының нәтижелері» тақырыбында да­лалық се­ми­нар өтті. Жиын нә­ти­жесін­де өңірде  ар­хе­ология­лық парк құру жос­пары бар екені белгілі бол­­ды.

Жалпы, Жанкент қалашығы Қазақстанның ортағасырлық тарихын, соның ішінде түркі-оғыз тайпаларының тарихын зерттеуде айрықша орны бар мекен. Көне ескерткішті 2005 жылдан бері «Халықаралық Жанкент архео-логиялық экс­педициясы» зерттеп ке­леді. Археолог, тарихшы, ос­теолог, топырақтанушы, ар­хи­тектор, геофизик және бас­қа да ғалымдардан құралған экс­педиция кешенді архе­ологиялық және пәнаралық зерт­теу әдістерін пайдалануда. Ал семинарда Жанкент қалашығындағы 2016-2020 жыл­дары бірлесіп жүргізілген ғы­лыми-зерттеулердің нәтижелері талқыланып, қалашық аума­ғында аспанасты музейін ұйым­­дастыру, ескерткішті сақ­тап қалу және қайта қал­пына кел­тіру жұмыстары таныс­тырылды. Облыс аумағындағы ар­хеологиялық ескерткіштерге барлау жұмысын жүргізу, мо­ниторинг, сараптама жасау, өңірдің ішкі туризмін дамыту секілді өзекті мәселелер сара­ланды. Биылғы қазба маусымында археологиялық зерттеулермен қатар, архитектуралық құ­рылыс­тарды ыңғайлау, қайта қал­пына келтіру жұмыстары қол­ға алынған. Мысалы, ескерткіш цитаделінің солтүстік қорған қабырғасында 5 мұнарасы ар­шылып, мезгілді жауын-ша­шыннан қорғау мақсатында сыр­ты саман жабындымен жа­былды. Сондай-ақ  №1 қаз­бада орналасқан үйдің орны қал­пына келтірілді. Жалпы, бұл қаз­баның аумағы 400 шаршы метр темір жабындымен жа­былған. Үйдің үш тұрғын бөл­месінің қабырғалары жер­гілікті халықтың құрылыс әді­сіне айналған «каркасты» әдіспен көтерілді. Бөлмелердің төбесі пәшінмен жабылып, ортасына терезесі орнатылды. Бөлмелердің ішіне ер және әйел адамның, баланың мүсін­дері қойылды. Осылайша, зерт­теушілер қалашық ішіндегі тұр­­ғын үйдің ежелгі қалпын қай­­та жандандырды. «Бұл іс-ша­ра­лардың түпкі мақсаты – ар­шылған нысандарды ашық аспан астындағы музейге айналдыру жолындағы ал­ғашқы қадам болып отыр». Де­генмен  келешекте осы ба­ғыттағы жұмыстар Жанкент қала­шығының аумағында археоло­гиялық парк қалыптастыруға мүмкіндік бар. 2005 жылы басталған ке­шенді зерттеудің жалғасы. Осы аралықта ескерткіштің 3000 м² бөлігі зерттеліп, табылған 200-ге жуық экспонат облыс музейлерінің қорына өткізілген. Ал 2014 жылдан бастап қаз­ба жұмыстарын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемле­кеттік университетінің «Архео­логия және этнография» ғы­лыми-зерттеу орталығы об­лыстық бюджет есебінен жүр­гізуде. Мұны облыстық Мә­дениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырып келеді. Қазіргі таңда қала­шықтың аумағы толық қорша­лып, JANKENT  стелласы бой көтерді. Қазба жұмыстары нә­ти­жесінде іске асқан жобалар ке­лешекте Жанкентті туристік орынға айналдыруға септігін ти­­гізіп, археологиялық парк қа­лыптастырмақ.

Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы