Тоңазытқыштағы сәби өліміне қатысты тағы бір жайт белгілі болды
Тоңазытқыштағы сәби өліміне қатысты тағы бір жайт белгілі болды
5,199
оқылды

Сәбидің мәйітін ауыстырып жіберген болуы мүмкін, – деп хабарлайды AstanaTV.

Атырауда өтіп жатқан атышулы дәрігерлер ісіне қатысты сот отырысында, айыпталушының адвокаты осындай мәлімдеме жасады. Оның бұлай деуіне бірнеше дәлелдеме негіз болған. Мәселен, Батыс Қазақстан облысындағы сот-медициналық сараптама институты жасаған қорытындыда: «нәрестенің денесін 11-қазанда алып кетті» деп көрсеткен. Алайда қылмыстық іс материалында шақалақты сараптамадан соң, 30-қыркүйекте Атырауға жеткізіліп, сол күні ата-анасына табысталғаны жазылған. Адвокат бұдан өзге  шақалақ мәйіті көрсетілген цифрлар, қылмыстық іс материалындағы нөмірмен сәйкес келмегенін анықтаған. Екінші мәрте Қарағандыда жасалған сараптамалық зерттеуде күмән туғызыпты.

Айыпталушы Қуаныш Нысанбаев: «Сонда қалай? Кімнің баласын зерттедік? Маған тағылып отырған 14 эпизод бар. 14 эпизодтың ешқайсысымен  жауаптау, менің ойымды, менің түсініктемемді алған жоқ. Осы жерде қаншама куәлар  жауапталды. Ол жерде анықталды. Ол жерде қысымшылық көрсетіліп, арызды өз еркімен емес солардың  айтуымен берілгені анықталды», – дейді.

Айта кетейік, оқиға былтыр қыркүйекте Атырау перинаталды орталығында болған. Орталықтың экс-басшысы «тірі туған сәбиді тоңазытқышқа салып, өлтірді» деген күдікке ілініп отыр. Сот процесіне бұрынғы басшыдан бөлек, оның қарамағында жұмыс істеген тағы 4 қызметкер қатысып жатыр.