Тіс дәрігері қамалды
Тіс дәрігері қамалды
246
оқылды

Ақтауда балаға дөрекі әрекет көрсеткен тіс дәрігерін қамауға алынды, - деп хабарлайды,– Tengrinews.kz.

Медициналық сараптама баланың жеңіл жарақат алды деген қорытындыға келді. 5 қарашада дәрігерге қатысты шара қабылданды.

«Дәрігер өз кінәсін мойындады, біз оның әрекетіне байланысты ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды ескереміз. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабына сәйкес жаза тағайындалып, үш тәулікке қамауға алынды. Ол бас бостандығынан айырмай, айыппұлмен жазалауды өтінді»,– деді Ақтау қаласы әкімшілік сотының судьясы Алтай Қонысов. Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде тіс дәрігерінің кішкентай баланы дөрекі түрде емдеген видеосы тарап кеткен еді.

https://youtu.be/5darGos1pHI