Грэпплин күресінен әлем чемпионыЕсенбек Сиғуатовтың әкесі тергеудің ұзаққа созылуына күдіктілердің полицияда қызмет атқарғаны себеп болуы мүмкін. Оның айтуынша, төбелесті ұйымдастырған адам бостандықта жүр.
Қылмыс 3 ай бұрын болған. 18 жастағы спортшы Есенбек Сиғуатов – грэпплингтен әлем чемпионы. Одан бөлек қоян-қолтық ұрыс және джиу-джитсумен айналысқан. Ұлттық құрамаға кіруге дайындалып жүрген ұлынан бір түнде айырылған ата-анасы әлі ес жия алар емес.
Туған күнге кеткен ұлының денесін таңғы сағат 4-тер шамасында достары әкелген. Олардың айтуынша, ауылдастарын соққыға жыққандарға, себебін білуге барған. Сол кезде қарсыластары сөзге келместен оларға оқ жаудырған. Күдікті ретінде полиция қызметкері қамалған.
Спортшының әкесі Тоқсанбай Оразғали: «Күдіктінің біреуі қаруды жасырған. Екіншісі мылтықты атқан. Екеуі де водный полицияда жұмыс жасағандар. Қару жасырған действующий сотрудник болып кетіп бара жатыр. «Атты» деген күдікті 2-3 күн бұрын шығып кетті деп бывший болып бара жатыр», – дейді.
Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 99-бабы, яғни «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің жүріп жатқанын мәлімдеді.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша: «Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жалғасып жатыр. Тағайындалған күрделі сараптамалар қорытындысы күтілуде. Іс бойынша тиісті сараптама қорытындысына сай шешім қабылданады», – дейді.