Түркістан облысында 200 адамға көкпар ұйымдастырғандар жазаланады – видео
Түркістан облысында 200 адамға  көкпар ұйымдастырғандар жазаланады – видео
249
оқылды

Түркістан облысында 200 адамға арналған көкпар ұйымдастырылған.  Ойындарға 200-ге жуық адам қатысты. Полицейлер іс-шараны тоқтатып, жиналғандарды үйлеріне таратты деп жазады Polisia.kz.  Сондай-ақ, мобильді топ белгіленген карантин талаптарын сақтау қажеттігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Адамдардың көп жиналуына жол берген көкпар ұйымдастырушысына қатысты ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органға жіберілді.