«Нұрлы жер»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасымен кімдер баспана алады?
«Нұрлы жер»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасымен кімдер баспана алады?
368
оқылды

Жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттары белгілі болды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа нұсқасының шарттарын түсіндірді.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың айтуынша, жаңа бағдарламамен баспанаға қол жеткізу жеңілдейді.

«Біріншіден, табысы жоқ немесе табыс көлемі 1 күнкөріс деңгейінен, яғни 29 700 теңгеден төмен әкімдік кезегіне кіретін әлеуметтік әлжуаз топтарға сатып алу құқығынсыз арендалық баспана беріледі. Олардың ішінде жетім балалар, I және II топ мүгедектері, зейнеткерлер және тағы басқалар бар», — деді Жайымбетов.

Екіншіден, Әкімдік кезегінде тұрған табысы 59 400 теңгеге дейін болатындарға «Бақытты отбасы» бағдарламасының 2 проценттік несиелері ұсынылады. Оған көпбалалы, толық емес және мүгедек балаларды асырап отырған отбасылар кіреді.

«Үшіншіден, кезекте тұрған отбасының бір мүшесі 3,1 күнкөріс деңгейінен, яғни 92 000 теңгеден жоғары табыс тапса, ондай адам әкімдіктердің «5-20-25» бағдарламасына, сондай-ақ, «7-20-25», «Баспана-хит», «Орда», «Өз үйім» және тағы басқа тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алады. Осының бәрі 2025 жылға дейінгі жаңа «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдармасында көрсетіледі», — деді Жайымбетов.