Көшербаевтың уәдесі орындалмай ма? Немесе «Астана» бапкері «Қайсарды» баптауы мүмкін
Көшербаевтың уәдесі орындалмай ма? Немесе «Астана» бапкері «Қайсарды» баптауы мүмкін
5,137
оқылды

39 жастағы маман жергілікті клубпен бұл мәселе бойынша келіссөз де жүргізген

«Астана» футбол клубының бұрынғы бапкері Григорий Бабаян қызылордалық «Қайсардың» бас бапкері атануы мүмкін.

39 жастағы маман жергілікті клубпен бұл мәселе бойынша келіссөз де жүргізген. Ал «Қайсардың» қазіргі бас бапкері Стойчо Младеновтың тағдыры осы чемпионат аяқталғаннан кейін шешілмек.

Еске салсақ, «Қайсар» осы маусымда Қазақстан Кубогын жеңіп алып, келесі жылы Еуропа лигасына қатысу құқығын иеленді. Сол жеңістен кейін команданы арнайы құттықтап келген Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаев қазіргі бас бапкердің келесі маусымда да қызметінде қалатынын айтқан болатын.

Ал Бабаян «Астанадан» осы жылы шілде айында кетті. Ол әр уақыттары бапкерлік штабта жұмыс істеп, Станимир Стойлов, Олег Протасов, Хольгер Фах, Мирослав Беранек сияқты мамандардың көмекшісі болды.

Былтыр жазда Роман Григорчук отбасылық себептеріне байланысты клубтан кетіп қалған кезде уақытша бас бапкер міндетін атқарды. «Астана» тізгінін ұстап ол ел чемпионы атанып, команданы Еуропа лигасының топтық кезеңіне алып шықты.