Ұсыныстар жауапсыз қалмайды
Ұсыныстар жауапсыз қалмайды
165
оқылды

Nur Otan партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Egemen Qazaqstan республикалық газеті АҚ басқарма төрағасы, Nur Otan партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі Дархан Қыдырәлі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Қабылдауға келген ардагер жур­налист Ораз Жүніс пен Тү­гел Мәденов терминдер мен атау сөздерге қатысты мә­­селені көтерді. Олар қол­­­даныстағы «қаптама», «зерт­­теме», «орама» секілді термин сөз­дер қазақ тілінің заң­ды­лы­ғына қайшы келеді деп есеп­тейді. Әңгіме арасында а­рдагер журналистер өз ұсы­ныс­тарын да қоса жеткізді.

Өз кезегінде Дархан Қы­­дырәлі азаматтардың ті­­легі Республикалық тер­ми­­­но­логиялық комиссияға тап­­сырылатынын, Nur Otan пар­тиясы Саяси кеңе­сі бю­ро­сы бақылауда ұстай­ты­нын айтты.

Қабылдауға келген тағы бір аза­мат Қадылбек Жағыпаров Дархан Қуандықұлына өлеңін оқып берді. Ол саз­гер­лік, ақын­дық қабілеті ба­рын ай­тып, жыр жинағын шы­ға­рып, ән­де­рін нотаға түсіргісі ке­ле­тінін жеткізді.

– Осы кезге дейін 60-қа жуық ән жаздым. Бірақ музы­ка­­лық білім жоқ. Сол себепті оны нотаға түсіру маған қиын­­дық туғызады. Әр әнді но­­таға түсіру үшін қомақты қа­р­­жы керек екен. Оған ме­­нің жағдайым жетпейді. Сіз­дің тарапыңыздан қан­дай да бір көмек бола ма деп келіп отырмын, – деді ол. Зей­нет­кердің тілегі Нұр-Сұлтан қа­лалық филар­мо­ния­сына жол­данатын болды.

Қытайдан оралған қанда­сы­мыз Қайрат Қасымбек Рес­­публикалық қоғамдық қа­былдау бөлмесіне IT техно­ло­гиялары арқылы қазақ ті­лін түркітілдес халықтардың ор­тақ тіліне айналдыру ту­ра­лы ұсынысын айтуға кел­ген екен. Ол дыбыстық ау­дар­­машы бағдарламалар ар­қылы адамдар бір-бірімен ер­кін түсінісе алатынын, сол арқылы өзге ұлттармен ара­дағы достық байланысты арт­тыруға болатынын тілге тиек етті. Өнертапқыштың ұсы­нысына қолдау білдірген Дар­хан Қыдырәлі бұл мәселе бойынша тіл комитетімен ақыл­дасу керегін айтты.

Nur Otan партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі сөз соңында қабылдауда айтылған ұсы­ныстар мен жасалған өті­ніш­тердің барлығы тиісті ме­ке­мелерге жолданатынын, бе­ріл­ген тапсырмалар жауапсыз қал­майтынын жеткізді.